Мектепалды «Фиксики» тобында Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті! Мерекелік шара жарқын, көңілді әрі танымды өтті. Балалар достық туралы әндер айтып, билеп, оқу жылының басталуына арналған тақпақтарын мәнерлеп айтып, қызықты ойындарға қатысты. Сонымен қатар, пазылдар құрастырып, тапқырлықтарын, зейіндерін және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ, балалар мнемокесте арқылы өздеріне таныс ертегілерді мазмұндап айтып, есте сақтау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мерекелік шара балаларға көптеген қуанышты сәттер, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады!